Добро пожаловать на мой блог. Меня зовут Мухамед-Канапия мои контакты можете найти слева. Здесь вы найдете свежие новости из моей жизни, очень полезную информацию о блоггинге, о том как заработать в интернете, о способах SEO, SMM оптимизации и раскрутке ваших ресурсов. Мои мысли на разные темы включая спорт, киберспорт, и обзоры на все что мне интересно. И не забывайте оставлять ваши комментарии в постах, мне важно ваше мнение.
Всего материалов в каталоге: 8 Показано материалов: 1-8 Сортировать по:
Дате ·
Названию ·
Рейтингу ·
Комментариям ·
Просмотрам
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  10026 человек
|
|
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады. Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан өндірушілерді ажыратады. Еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір – бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалды қатынастар туындайды. Нәтижесінде, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасына ие болады.
Нарық - өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар – ақша қатынастарын, қаржы – несие жүйесін пайдалануға негізделген экономикалық іс - әрекеттердің күрделі механизмі.
Нарықтың мәні оның қызметтері арқылы толығырақ анықталады. Нарық келесідей маңызды қызметтерді атқарады: тауар өндірісінің өзін - өзі реттеу қызметі. Яғни, тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды; ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады, сонымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді; өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, яғни сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда; реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорциялар белгіленеді; өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциалданады. Нарықтың даму дәрежесіне қарай келесі типтерге бөлуге болады: дамымаған, классикалық, реттелуші және деформацияланған. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  7805 человек
|
|
Қоғам өмірлік қызметін тек қана әртүрлі тұтыныстарды қанағаттандыру негізінде сақтай алады және қолдай алады. Экономикалық өркениеттің тарихын жеке институционалды тұтыныстарды қалыптастыру және қанағаттандыру процесі ретінде бейнелеуге болады. Тұтыныс – қандай да бір нәрсеге мұқтаждық. Тұтыныстар адамның объективті қажетті өмір сүру деңгейі мен қызметін бейнелеу дегенді білдіретін сипатқа ие. Саналы тұтыныс – бұл қызығушылық. Қазіргі қоғамда адамдар тұтыныстары олардың әртүрлілігімен сипатталады. Оларды экономикалық және экономикалық емес деп бөлуге болады. Экономикалық емес тұтыныстар – бұл жақын адамдарды, отанды, табиғатты сүюге, достыққа, қарым – қатынасқа және т.б. деген қажеттілік. Экономикалық тұтыныстар – бұл қандай да бір игіліктер мен қызметтерді тұтыну жолымен қанағаттандырылатын тұтыныстар. Игіліктер мен қызметтер – тұтыныстарды қанағаттандыру құралы. Өндірістік тұтыныстарды қанағаттандыру өндіріс құралдарын және жеке тұтыну құралдарын тұтынумен байланысты болады. Қоғамдық тұтыныс – бұл тұтас қоғамның (қорғаныс, басқару, ғылым, мәдениет) тұтынысы. Тұтыныстар тек материалды заттар арқылы ғана емес, сонымен қатар қызметтер көмегімен де қанағаттандырылады. Қызмет – бұл пайдалы әсерді өндіру уақыты бойынша оны тұтынумен сәйкес келетін орынды (мақсатты) еңбектің түрі. Адамдардың игіліктер мен қызметтерді жасауы - «өндіріс» деген атауға ие негізгі экономикалық процесс. Тұтынуды экономиканың соңғы мақсаты деп атауға болады. Өндірістік процесті жүзеге асыру үшін экономикалық ресурстардың материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үшін пайдаланыла алатын өндірістің бар элементтерінің жиынтығы болу қажет. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  6510 человек
|
|
Адамдардың экономикалық қызметінің бастапқы мезеті өндіріс болып табылады. Өндіріс әртүрлі факторлардың, яғни еңбек, жер, капиталдың өзара әрекеттесуін білдіреді.
Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы кәсіпкерлік, ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек , жер, капитал қалады.
Жекелей факторлардың ешқайсысы өнім шығарып, табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінің қарым-қатынасын білдіреді. Әр кәсіпкерді өнімді максималды шығаруға жеткізетін факторлардың арақатынасын табу мәселесі ойландырады. Мысалға, қызылшаның максималды түсімін алу үшін қызылша отырғызылған жер аудандарының санын еңбек шығындарымен бірін азайтып, екіншісін ұлғайта отырып қиылыстыру қажет. Читать дальше Мне нравится 1
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  5036 человек
|
|
Ұлттық экономиканың мәселелері – бұл елдің нарықтық шаруашылығын жалпы бейнелейтін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономика елдің экономикалық жағдайын тұтастай, ұлттық даму деңгейін және т.б. зерттейді.
Барлық макроэкономикалық мәселелер келесі агрегаттар (жиынтық параметрлер) ретінде қарастырылады: өндірістің ұлттық көлемі; жалпы ұлттық өнім; жиынтық сұраныс; жиынтық ұсыныс; жұмыс бастылық және жұмыссыздық нормасы; инфляция деңгейі және т.б. Нарықтық экономика тек нарықтардың жүйесі ретінде ғана бола алады. Біз көптеген нарықтардың ішінен макроэкономикалық талдауда төрт негізгілерін бөлеміз: тауарлар нарығы; ақша нарығы; еңбек нарығы; бағалы қағаздар нарығы. Ұлттық шаруашылық қызметінің нәтижесі ұлттық шаруашылықтың көлемінде көрініс табады. Бұл қоғамның белгілі бір уақыт қанша тауарлар мен қызметтер өндіретіндігін анықтайды. Ұлттық өндіріс көлемін өлшеудің әртүрлі әдістері бар. БҰҰ-ң әдістемесі бойынша ұлттық өндірістің соңғы нәтижелерінің барлығын қамтушы көрсеткіш болып жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) табылады. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  2704 человек
|
|
Экономикалық қызмет бар жерде әрқашан меншік мәселесі болады. Меншік қатынастары экономикалық қатынастардың барлық жүйесін қамтиды және адам өмірінің барлық сатысында маңызды болып табылады. Адам басқа адамдармен тығыз байланыса отырып өмір сүреді, еңбек нәтижелерін өндіреді және пайдаланады. Осыған орай, меншік – бұл адамдар арасындағы материалды игіліктерді иемденудің, әсіресе өндіріс құралдарын иемденудің қандайда бір формасын бейнелейтін қатынастар деп айтуға болады.
Меншік – бұл белгілі бір меншік объектілерін (өндіріс құралдарын, тұтыну заттарын, жұмысшылар еңбегін, интеллектуалды еңбек өнімдерін) иемдену және иелігінен алуға байланысты қатынастар. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мазмұны өндіріс факторларын иемдену; жұмысшыларды өндіріс құралдарымен біріктіру тәсілі (жұмыс күшін сатып алу(жалға алу); материалды құралдарды шаруашылықта пайдалану (меншік иесі өзі пайдаланады немесе арендаға, лизингке береді); меншікті экономикалық іске асыру – табыс алу және оны пайдалану тұрғысынан сипатталады.
Меншікті толығырақ түсіну үшін оның экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтау керек. Біріншіден, меншік – барлық қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады. Бөлу, айырбастау және тұтыну формалары қоғамда қалыптасқан меншік формаларының сипатына байланысты болады. Сонымен, нарықтық экономикада жеке меншік басымырақ болады. Екіншіден, қоғамдағы белгілі бір топтардың, таптардың жағдайы, олардың барлық өндіріс факторларына қол жеткізуге деген мүмкіндіктері меншікке тәуелді болады. Үшіншіден, меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Оның формалары өндіріс формаларының өзгерісіне байланысты өзгереді. Сонымен қатар, бұл өзгерістің негізгі қозғаушы күші болып өндірістік күштердің дамуы табылады.
Меншік қатынастар жүйесін қарастыру экономикалық қызметтің кімнің мүддесіне жүзеге асырылатындығы туралы сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Егер жеке мүдде басымырақ болса, онда индивидуалды жеке қатынастар жүйесі туралы айтуға болады. Егер иемдену қандай да бір ұжымның мүддесінде жүзеге асырылса ұжымдық меншік туралы айтуға болады. Иемдену адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобымен де жүргізіледі. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  2353 человек
|
|
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  1936 человек
|
|
Бөлу қоғамдық ұдайы өндірістің маңызды фазасы болып табылады. Бөлу қоғамдық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тұтынудың арасында болып, құбылыс түрінде өнімдерді бөлу міндетін атқарады. Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден қоғам мүшелерін өндіріс түрлеріне қарай бөлу, өнімде осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған және бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге көптеген экономикалық ойдың әртүрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатысқан. Олардың әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай өмірлік игіліктерді бөлудің әртүрлі принципін ұсынған. Мысалы, еркін нарық теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А.Смит пен Д.Рикардоның есептеуішіне, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажеттілік деңгейі» ауылды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болды. Читать дальше Мне нравится 1
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  862 человек
|
|
Мемлекеттік бюджет - үкіметтің иелігінде болатын ірі орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет мемлекеттің қаржы ресурстарын қазіргі тарихи кезеңде экономиканың анағұрлым маңызды секторларына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік шығыстардың маңызды баптарына экономиканың өндірістік секторының қызмет етуі үшін анағұрлым қолайлы алғышарттарын қалыптастыруға; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, яғни білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерінің құрылуы мен қызмет етуіне; қорғаныс саласына; ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға; мемлекттік басқару аппаратының өз қызметтерін атқаруға байланысты шығыстар жатады. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|