| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұлттық экономика және экономикалық өсуҰлтық экономика шаруашылықтың нарықтық жүйесі ретіндеҰлттық экономиканың мәселелері – бұл елдің нарықтық шаруашылығын жалпы бейнелейтін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономика елдің экономикалық жағдайын тұтастай, ұлттық даму деңгейін және т.б. зерттейді. Барлық макроэкономикалық мәселелер келесі агрегаттар (жиынтық параметрлер) ретінде қарастырылады: өндірістің ұлттық көлемі; жалпы ұлттық өнім; жиынтық сұраныс; жиынтық ұсыныс; жұмыс бастылық және жұмыссыздық нормасы; инфляция деңгейі және т.б. Нарықтық экономика тек нарықтардың жүйесі ретінде ғана бола алады. Біз көптеген нарықтардың ішінен макроэкономикалық талдауда төрт негізгілерін бөлеміз: тауарлар нарығы; ақша нарығы; еңбек нарығы; бағалы қағаздар нарығы. Ұлттық шаруашылық қызметінің нәтижесі ұлттық шаруашылықтың көлемінде көрініс табады. Бұл қоғамның белгілі бір уақыт қанша тауарлар мен қызметтер өндіретіндігін анықтайды. Ұлттық өндіріс көлемін өлшеудің әртүрлі әдістері бар. БҰҰ-ң әдістемесі бойынша ұлттық өндірістің соңғы нәтижелерінің барлығын қамтушы көрсеткіш болып жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) табылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – жыл бойы елде өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. ЖҰӨ-ді өлшеу 2 әдіспен жүзеге асырылады: шығындар бойынша және табыстар бойынша. ЖҰӨ шығындар бойынша: ЖҰӨ=C+I+G+X, мұнда C – тұрғылықты халықтың тұтыныс шығындары; I – кәсіпорындардың инвестициялық шығындары; G – мемлекеттің шығындары; X – сыртқы экономикалық шығындар. ЖҰӨ табыстар бойынша ЖҰӨ=W+R+i+P мұнда W – жалақы сомасы; R – ренталық табыс; i – капиталға пайыз; P – кәсіпорындар пайдасы. ЖҰӨ-ді әртүрлі әдістермен нақты есептеу бірдей нәтиже беру керек, себебі, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға шығындалатын қаражаттар тауар өндірушілер үшін табыс болып табылады. ЖҰӨ - ақшалай көрсеткіш және оның мәні бағалар динамикасына, ақша бірлігінің (ұлттық валютаның) сатып алу қабілетіне тәуелді. Сәйкесінше, баға деңгейінің өсуіне немесе төмендеуіне ЖҰӨ шамасына әсер етеді. Ағымдағы бағалармен өндірілген өнімнің саны номиналды ЖҰӨ деп аталады. Баға деңгейінің өзгеруі ескеріле отырып түзетілген нақты ЖҰӨ деген атауға ие. Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ/ бағалар индексі Өндірістің нақты көлемін анықтау үшін индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейін білу керек. Бағалар индексінің көмегімен әр жылдың өндіріс көлемі бағасын базалық жылдың бағасы кезіндегі ұқсас өндіріс көлемінің бағасымен салыстыруға болады. Тек елдің ішінде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деп аталады. Егер ЖҰӨ-нен негізгі капиталдың тозуын орнын толтыру бойынша жинақтардың мөлшерін анықтаушы соманы алып тастаса, онда қалған сома таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) құрайды. Математика тұрғысынан ол келесідей көрінеді: ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация; ТҰӨ-нен жанама салықтарды (ЖС) алып тастағанда елдің ұлттық табысын (ҰТ) аламыз: ҰТ = ТҰӨ - ЖС; Ұлттық табыс (ҰТ) - әлеуметтік сақтандыруға (ӘС) салымдар – пайдаға салық (ПС) – кәсіпорындардың бөлінбеген пайдасы (КБП) + трансферттік төлемдер (ТТ) = жеке табыс (ЖТ). Жеке табыс (ЖТ) – жеке табыс салығы (ЖТС) = қолдағы жеке табыс (ҚЖТ). Қарастырылған макроэкономикалық көрсеткіштер ЖҰӨ-ң құрамдас бөлшектері болып табылады және тығыз өзара байланыста болады, сонымен қатар, елдің экономикалық өмірінің тұтастай әртүрлі жақтарын сипаттайды. ЖҰӨ балансы. Жинақталған сұраныс. Жинақталған ұсынысМакроэкономика микроэкономикаға қарағанда жеке объектілер мен процесстерді емес, олардың жиынтығын қарастырады, ол агрегат деп аталады. Ол жеке бағаларды емес, жинақталған бағаны, баға деңгейін қарастырады; оның талдау мақсатын, шартын табу, жалпы экономикалық теңдік жүйесіне келетінін айқындайды. Макроэкономикалық теңдікті табу үшін міндетті түрде жинақталған сұраныс пен жинақталған ұсыныстың категориясын қарастырамыз. Жинақталған сұраныс (AD) – бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі тұтынушының, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. АD – тауар рыногында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді АD = с +i+gp+x мұнда С – үй шаруашылығының жиынтық сұранысы; i – капитал құралдарына сұраныс; gp – мемлекет тарапынан тауарға және қызметке сұраныс; х – таза экспорт, шетелдің отандық тауарға сұранысымен, отанның шетелдік тауарына сұранысы арасындағы айырымы. Ұлттық өндірістің нақты көлемі мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік, сұраныстың қозғалысына кері немесе қайшы бағытта болады. Ұқсас тәуелділік жеке тауар сұранысында да бар. Бірақ сұраныс қисық сызығының төмен және оңға ауытқуы жеке тауардың пайда тиімділігін және орнын басуы болып түсіндірілсе, ал жиынтық сұраныс қисығының үйлесу ұқсастығы басқа факторлармен байланысты. Жинақталған сұраныс қисығы келесідей бейнеленеді (4 суретті қараңыз). 4 сурет - Жинақталған сұраныс қисығы Жинақталған ұсыныс (AS) – бұл әртүрлі баға деңгейінде ұсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалпы саны, AS – жалпы ұлттық өнімге тең немесе ұлттық табыс көлеміне теңестіруге болады AS=ЖҰӨ немесе AS=ҰТ. Бағалық факторлардың ішінен AS-қа ықпал ететін жеке тауар нарығында ұсынысқа өзгерту әкелетін өндіріс технологиясы, шығындар және т.б (микро деңгейде). Экономиканы жүргізу қабілеттілігі ол немесе басқа тауар мен қызмет көрсету көлемі қолданып отырған өндіріс факторының саны мен сапасына ықпал етеді. (жер, еңбек, капитал). Сонымен жинақталған ұсыныс баға деңгейіне тәуелді. Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады. Ал, өте төмен баға керісінше өндіріске және тауарға ұсынысты қысқартады. Жиынтық ұсынысқа тек қана бағалық факторлар ғана емес, сонымен бірге бағалық емес факторлар да ықпал етеді. Егер бағалық факторлар жиынтық ұсыныс қисығының қозғалысын көрсетсе, онда бағалық емес факторлар қисықты оңға жылжытады, шығынды азайтқанда солға олар көбейгені 5 сурет - Жинақталған ұсыныс қисығы Жиынтық ұсыныс қисығы графикте келесідей бейнеленеді: Егер жинақталған сұраныс жинақталған ұсынысқа тең болса, тауар нарығында тепе-теңдік орнайды. Бірақ нақты өмірде ол бұзылады. Экономикалық өсу: өлшеу типтері және қазіргі кездегі ерекшеліктеріЭкономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ерекше мән береді. Қазіргі таңда экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін айтады. Яғни, өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі талдаудың пәні болып табылады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типі немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есеге ұлғаюы қажет. Экстенсивті өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады. Яғни, бұл технологиялық базаның бұрынғы деңгейі кезінде өндірістің қуаттылығын сандық кеңейтумен, қосымша жұмыс күшін тарту және шикізатты тұтынуды өсірумен байланысты. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады. Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивті немесе интенсивті типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру қашан болмасын өндіріс құрал - - жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді. Жұмысшы күші мен құрал – жабдықтардың өсуі олардың сапалық сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ экстенсивті және басымырақ интенсивті деп бөледі. Қазіргі кезде экономикалық өсуді типке бөлу өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі пайыздан артық болса, онда экономикаға өсудің басымырақ интенсивті типі тән болады. Керісінше, егер нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивті факторлардың үлес салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50 пайыздан төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті типі тән болады. Экономикалық өсуді есептеу екі жолмен жүргізіледі: жалпы ұлттық өнімнің пайыздық жылдық өсуі қарқынымен және осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шаққанда өсуімен есептеледі. Экономикалық өсу қоғамның арқасында экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізілетін негізгі мақсаты болып табылады. Елдің экономикалық қуаттылығын, оның материалдық – техникалық базасын, халықтың ғылыми – мәдени деңгейін сипаттайтын ЖҰӨ өсу қарқыны экономикалық прогрестің критерийлері болып табылады. Қандай да бір елдің әл-ауқатының динамикасы мен өмір деңгейін сипаттайтын жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші әлеуметтік прогрестің критерийлері болып табылады. ЖҰӨ өндірісін арттыру үшін ол бөлінуі керек. ЖҰӨ бөлу – бұл ағымдағы және болашақтағы тұтынудың арасындағы таңдау. Сөз тұтыну мен жинақтау (инвестиция) арасындағы бөлу арақатынасын таңдау туралы болып отыр. Себебі, экономикалық өсу тек қана қоғамның жинақтарының нақты ұзақ мерзімді капиталға инвестициялануының арқасында қамтамасыз етіледі. Ағымдағы тұтынудың жоғары деңгейі өндірістің өсу мүмкіндіктерінің қажетті деңгейін қысқартуға әкеп соғуы мүмкін. Бұл, сөз жоқ, халықтың тұтынысы мен қоғамның әл ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ бұл кезде ең ірі инвестицияның экономикалық өсу мәселесін шешпейтіні туралы ұмытпау керек, яғни оның тиімді пайдалануы анағұрлым қоғам үшін маңыздырақ болып табылады. Қазіргі нарықтық экономика экономикалық өсудің жаңа сапасымен сипатталады. Ол өз көрінісін келесілерде табады: біріншіден, дамудың ресурсты жинақтаушы технологиялары мен ҒТП пайдаланудың әлемдік тенденцияларының негізінде өндірістің тиімділігін арттырумен сипатталатын интенсивті типінде, екіншіден, өндіріс өсімінің әрбір пайызын қазіргі технологиялық бетбұрысты анықтайтын және адамның тұтыныстарына қызмет етуші инвестициялық және қызмет көрсетуші салалардың арқасында жоғары қосымша құнмен толықтыру, үшіншіден, экономикалық өсу экономикалық даму үшін одан асып кеткен жағдайда қауіпті болып табылатын шектер белгілейді. Мұндай шектерді енгізу қоршаған табиғи ортаға зиянын тигізетін, экологиялық ортаны нашарлататын және орны толтырылмайтын ресурстардың санын азайтуға әкеп соғатын индустриалды дамудың кері әсерінен туындап отыр. ҚР – сы экономикалық өсу стратегиясыЫрықтандыру мен тұрақтандыру кезеңдерін еңсере отырып, Қазақстан экономикасы 1999 жылы экономикалық өсу кезеңіне өтті. 1998 жылғы 2%-дық төмендеуден кейін экономика 1999 жылы 2,7%-ға өсті, соңра 2000 жылы 9,8%-ға, 2001 жылы 13%-ға өсті. 2 кестеден көрінгендей Қазақстан экономикасының өсуі дағдарысқа дейінгі жылдары жылына 9%-дан жоғары қарқынмен сипатталады. Өсудің жоғарғы қарқыны тек әлемдік нарық конъюнктурасымен ғана емес, сонымен қатар ішкі, яғни экономиканы дамыту факторларының әсерімен негізделеді. Бұл факторлардың қатарына отандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабідеттілігінің теңге девальвациясының есебінен артуы; ақша массасы мен экономиканың монеталануы деңгейінің артуы нәтижесінде тірі ақшалармен кәсіпорындардың өзара есеп айырысуын қайта қалпына келтіру;
2 кесте - Қазақстан ЖІӨ өсу қарқыны
*ҚР Ұлттық Банкі мен Үкіметінің болжамдары экономикаға инвестицияның, соның ішінде шетел инвестицияларының тұрақты артуы; еркін өндірістік қуаттылықтың болуы; тұрғылықты халықтың ақшалай және нақты табыстарын өсіру есебінен тауарлар мен қызметтерге деген ішкі сұранысын өсіру; құрылымдық бетбұрысты ары қарай арттыру, яғни бюджет және салық жүйесін жетілдіру, банктік қызметтің ырықтану деңгейін арттыру, депозиттерді сақтандыру және инвестициялық тәуекелдер жүйесін құру, бағалы қағаздар нарығын дамытуға көп көңіл бөлуді күшейту, импортты алмастыру саясатын және т.б. жүргізу. Өкінішке орай, біздің экономикада ұзақ мерзімді экономикалық өсуді тежеуші көптеген факторлар бар. Оларға келесілер жатады: -экономика құрылымының бұзылуы, экспорттың шикізатқа бағыттылығы өсуді жеке және ірі өзгерістерге ұшыраушы әлемдік нарықтағы бағаларға тәуелді етеді; - көптеген өңдеуші өнеркәсіп салалары бәсекеге қабілетсіз болып табылады; -шетел инвестицияларының шикізат секторына шоғырлануы жалғасуда, ал басқа салалар кәсіпорындары шетел инвестицияларын тарту үшін жағымды болмайды; - экономикада табиғи тозған және моральды ескірген құрал жабдықтар басым, оларды жаңарту үшін миллиондаған инвестициялар қажет, жоғары білікті мамандар аз; - сұраныс табыстың аздығымен, жоғары жұмыссыздықпен, бағалардың өсуімен шектелген, тұрғылықты халықтың жинақтарының ұйымдастырылмаған формалары басым. Қазіргі таңдағы реформалардың негізгі стратегиялық мақсаты тұрақты экономикалық өсулі тиімді қызмет етуші нарықтық экономиканы қалыптастыру. Тұрақты және ұзақ мерзімді өсуге көшу үшін экономикалық саясаттың негізгі бағыттары болып келесілер табылады: - жинақталған сұранысты қолдау және ынталандыру (тұрғылықты халықтың табысын арттыру, жұмыссыздық қысқарту, шағын бизнесті дамыту, отандық тауарларды мемлекеттік сатып алуларды кеңейту, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, инвестицияларды экономиканың нақты секторына тарту есебінен); - импортты алмастырушы өндірісті ынталандыру және тиімсіз және шығынды кәсіпорындарды жою; сыртқы нарыққа жылжытудың белсенді саясатын жүргізу; 2010 жылдан бастап Қазақстанда 5 жылдық (2010-2014ж.ж.) экономиканың үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы Бағдарламасы іске асырыла бастады. Оның негізгі мақсаты – диверсификацияны қамтамасыз ету және ел экономикасының ұзақ мерзімді кезеңдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 2015 жылға дейін ЖІӨ көлемін 7 трлн теңгеге дейін немесе 2008 жылғы ЖІӨ –ң 50 пайызын құрайтындай деңгейге жеткізу. Қазақстанның инновациялық индустриалану міндеттерін орындау үшін біздің экономиканың нақты мүмкіндіктерінен шығу керек. Осыған орай жаңа бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталған: АӨК және ауылшаруашылықтағы қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; мұнайды өңдеу және мұнай-газ кешенінің инфрақұрылымы; металлургия және дайын метал өнімдерін өндіру; химиялық, фармацевтикалық және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы. Жаңа индустриализация бағдарламасының негізгі құралдары болып 2015 жылға дейінгі индустриализация Картасы және 2020 жылға дейін өндіріс қуаттарын тиімді орналастыру схемасы табылады. Қазақстанның индустриалды – инновациялық дамуының сапалы аспектілеріне негізделген нақты ұлттық инновациялық жүйе мен іскерлік ортаны жасау жоспарлануда. Экспорт потенциалын жоғары қосылған құнға ие тауарлар мен қызметтер есебіне диверсификациялау; сапаның әлемдік стандарттарына көшу; әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы аумақтық және әлемдік экономикаға интеграциялануды дамыту жоспарлануда.
... Спрятанная информация ...
Категория: Экономика |
Просмотров: 5027 |
Добавил: muhamed08
| Теги:
| Рейтинг: 0.0/0
| Всего комментариев: 0
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
При копировании необходимо указывать ссылку на источник. Newskz.ru © 2012-2026. Административные вопросы: admin@newskz.ru
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||