| ||||||
Табыстарды бөлу. Табыстар және өндіріс факторларына бағаларБөлу процесінің жалпы сипаттамасы. Бөлу теориясының эволюциясыБөлу қоғамдық ұдайы өндірістің маңызды фазасы болып табылады. Бөлу қоғамдық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тұтынудың арасында болып, құбылыс түрінде өнімдерді бөлу міндетін атқарады. Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден қоғам мүшелерін өндіріс түрлеріне қарай бөлу, өнімде осы бөлудің нәтижесі болады. Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған және бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге көптеген экономикалық ойдың әртүрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатысқан. Олардың әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай өмірлік игіліктерді бөлудің әртүрлі принципін ұсынған. Мысалы, еркін нарық теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А.Смит пен Д.Рикардоның есептеуішіне, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажеттілік деңгейі» ауылды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болды. Д. Рикардоның ойынша, «өмір сүру қажеттілік деңгейі» «еңбек бағасының табиғи нарығы» болып табылады. Еркін нарықты жақтаушылардың бірі- Жан Батист Сэй (1767-1823 жж.) «Саяси экономия трактаты» (1803 ж.) еңбегінде «Өндірістің үш факторы» теориясын ұсынды. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың қызметін пайдаланғаны үшін жалақы, пайда, рента төлем жүзеге асады. Нарық жағдайында жалданып жұмыс істейтін адам еңбегі К. Маркстың пайымдауынша, жұмыс күші «құнының» принципімен төленеді. Өмір игіліктерін тепе-тең бөлу принципі К. Маркстың ойынша, қоғамды деградацияға алып келуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдайда адал жұмыскер де, өз жұмысына немқұрайлы (жалқау, асмарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне сый-сияпатты тең алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік игіліктерді бөлудің бірден-бір принципі «еңбегі бойынша» бөлу болмақ. Аталған принциптің өзіндік кемшілігі бар және әлеуметтік әділеттік критерийіне толық жауап бермейді. «Еңбегі бойынша» бөлу тұрғындар табыс деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік былай түсіндіріледі: адамдар өзінің күш-қайратымен және ойлау қабілеттілігімен, отбасы жағдайымен және еңбекке қатынасымен ерекшеленеді. Еңбектің сандық (ұзақтығы мен интенсивтігі) және оның сапалық (күрделігі және басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл принциптің артықшылығы сонда әрбір адамның еңбек нәтижесіне мүдделілігін қамтамасыз етеді. Өзінің біліктілігін көтеру мүдделілік, ол жеке адамның ғана емес, кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді. Аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде «еңбек бойынша» бөлу принципі «құндық эквивалент» принципіне орын бере бастады. Басқаша айтсақ, бөлудің «капитал бойынша», «меншік бойынша», жұмыс күші «құны» бойынша принципі жүзеге асып, табысты кәдімгідей дифференциялдауға, сұраным төлем қабілеттілігін өсіруге алып келіп, тапшылық пен инфляцияны тежейді. Шын мәнінде екі қайшылық бетпе-бет келеді: «еңбекке қарай бөлу» және жеке кәсіпкерлік жағдайында «құндық эквивалент», «капитал бойынша», «меншік бойынша» принципімен бөлу. Әлеуметтік әділеттілік критерийі бұл жағдайда теңгерілген түрге ие болады. Жоғарғы және төменгі табыс деңгейінің өзара алшақтығы прогрессивті табыс салмағымен реттелетін болады. Оның өсімі 40%-дан аспауы қажет, себебі іскерлік белсенділікті ынталандыруды төмендетпеу керек. Жалақы, оның мәні және формаларыЕңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапатталу ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындайды. Бірақ олардың жалақыны түсіндірудегі бірлігі осымен бітеді және өзгешеліктер туындайды. Маркстік концепция біріншіден еңбек болашақ құнының қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мынаған негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді. Екіншіден, жалақы ретінде еңбектің барлық өнімі емес, тек қажеттісі, яғни жұмыс күшінің құнының орнын толтыратыны төленеді. Үшіншіден, тауар құнында басқа факторлардың да үлесі көрінеді. Сонымен, жалақы – бұл жұмыс күшінің баға және құн формасында көрініс беруі. Неоклассиктер теориясы негізінде басқаша, біріншіден, олар жалақыны еңбекке баға ретінде қарастырады, екіншіден, оларды жалақының мәні емес, сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы дәстүрлі түрде анықтайтын оның деңгейі қызықтырады. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс теңескен жерде жалақының тепе – теңдік деңгейі орнатылады. Еңбекке сұраныстың өсуі жалақыны көтереді. Еңбекке сұраныстың төмендеуі жалақыны төмендетеді. Еңбекке сұраныс шектік өніммен, яғни жұмыспен қамтылу бір жұмысшыға өскендегі өнімнің өсуімен анықталады: егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше. Еңбек ұсынысына әсер ететін факторлар: еңбекке қабілетті халықтың елдегі саны; жұмыс күнінің ұзақтығы; халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы. Жалақы номиналды және нақты жалақы ұғымдары болып бөлінеді. Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады. Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына толып жатқан өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Ол номиналды жалақымен тікелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейіне кері байланыста тұр. Жалақы екі формада болады – мерзімді және келісімді. Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады. Келісімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады. Оның мөлшері бір бұйым бағасын, бұйым санына көбейту арқылы анықталады. Негізгі формалармен байланысты түрі – төлеу жүйесі қолданылады: кесімді-үдемелі, кесімді-сыйлық, көпфакторлы және басқалар. Нарықтық экономикада жалақыға кәсіподақтар үлкен әсер етеді. Негізінде әдебиеттерде олардың жалақыға әсер етуінің төрт әдісін көрсетеді: а) заң шығару көмегі арқылы жұмыс уақытын шектеу, кәсіподақ мүшелері емес жұмысшыларды жұмысқа алуды тыю, жұмыс көлемін және еңбек интенсивтілігін шектеу арқылы жететін, жұмыс күшіне ұсынысын шектеу; ә) кәсіпкерлерді ұжымдық келісімді жалақы ставкасын көтеру мәселесімен келісімге отырғанда қысым жасау; б) еңбекке сұраныс және сонымен бірге жалақыны өсіруге әкелетін өндіріс түрлерінің өсуіне көмектесу; в) өндірістің монополия монополияландыруымен күрес. Бізге белгілі, монополия өндірісті қысқарту арқылы бағаны көтере алады және ол жалақы деңгейіне кері әсерін тигізеді. Монополияға қарсы шығу жалақының төмендеу тенденциясын шектеп тұрады. Жер рентасы. Рента жер иесінің факторлы табысы ретіндеЖер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер – бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір – біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады. Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әртүрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер тәжірибеде қайда пайдаланса да оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші роль атқарады. Нарықтық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады – толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету – етпеуге ерікті болады. Жал туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды – жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деген монополия орнайды. Жерге монополия – нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы – дифференциалдық жер рентасын тудырады. Рента – меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі жалға беру келісімінде белгіленеді. Жалға беру келісімі арқылы берілген жер үшін ол арендатор жердің меншік иесіне рента төлеп тұрады. Демек, жер рентасы жерге меншіктің экономикалық жағынан жүзеге асырылуының нысаны болып табылады. Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: бірінші (1) дифференциалдық рента және екінші (2) дифференциалдық рента. Бірінші дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын, яғни жердің құнарлылығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді. Қорыта келгенде, бірінші дифференциалдық рента шаруашылықты экстенсивті жүргізгенде, екінші дифференциалдық рента шаруашылықты интенсивті жүргізгенде пайда болады. Пайда теориясы. Пайыз және пайыздық мөлшерлемеПайда өндірістің мақсаты ретінде және қозғаушы күші ретінде көрінетін анағұрлым күрделі экономикалық категория болып табылады. Пайда жеке кәсіпорынның, саланың, тұтас ұлттық шаруашылықтың қызметінің экономикалық нәтижелерін бейнелейтін экономикалық категория. Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәні оның қызметтерінде көрінеді. Пайда негізгі үш қызмет атқарады. Есептік қызмет. Пайда кәсіпорынның тиімділігінің негізгі критерийі ретінде қолданылады, сондықтан ол кәсіпкерлік қызметтің барлық жақтарын бейнелейді. Бөлуші қызмет. Пайда кәсіпорын мен оның жұмысшыларының арасында; материалдарды өндіріс саласы мен өндірістік емес сала арасында таза табысты бөлудің құралдарының бірі ретінде пайдаланылады. Ынталандырушы қызмет. Пайда бұл түрінде өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде қарастырады. Пайда өндіріспен оның техникалық қайта қарулануын арттыру; кәсіпорынның марапаттау қорларын қалыптастыруға арналған қаржы ресурстарын жинақтаудың қайнар көзі мен шарты ретінде пайдаланылады. Әдетте экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы бөледі. Бухгалтерлік пайда дегеніміз – өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен жалпы түсім мен аталмыш сыртқы шығындар, яғни жабдықтаушылар ресурстарына төлемдерінің арасындағы айырым. Экономикалық пайда жалпы түсімнен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да жатады) алып тастағанға тең. Қалыпты пайда бұл кәсіпкерлік қызметті орындағаны үшін сыйақы; ішкі рентамен және ішкі жалақымен қатар ішкі шығындардың элементі болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерлік ресурстарды қызметтің белгілі бір саласында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Пайданың негізгі қайнар көзі – капитал. Капиталдың өсуі инвестицияланған қаражатқа тәуелді. Сәйкесінше, пайда мен капиталдың арасында тура да, кері де байланыс және өзара тәуелділік болады. Пайыз – бұл капитал иесінің жыл бойы алатын табысының бір бөлігі немесе ақша соммасын қарызға алғаны үшін төлем деп есептеуге болады. Егер ол пайызбен көрсетілсе, мұндай табыс пайыздық мөлшерлеме деп аталады. Пайыздық мөлшерлеме – белгілі бір уақыт ішінде, яғни жыл, жалпы несиеленген соммадан пайыз ретінде бейнелетін төлем. Пайыздық мөлшерлеменің деңгейі мен динамикасы келесі факторларға: а) мәмлелердің экономикалық мазмұнына; ә) пайыздың есептік мөлшерлемесіне; б) несие мерзіміне және т.б. сәйкес дифференциалданады. Жалпы пайыздық мөлшерлеме айналыстағы ақша санына, қарыз қаражаттарына сұранысқа, үкімет саясатына, несие берушінің қарызды қайтармау мен кезеңіне қатысты тәуекелді бағалауына тәуелді болады. Экономикада пайыз екі қызмет атқару керек: а) жеке жинақтаулар көлемін фирмалардың өз күрделі қаржыларын жүзеге асыру үшін қарызға алуға дайын қаражаттар көлемімен теңестіру; ә) несиеге сұраныс пен несиеге ұсыныс көлемдерін теңестіру. Осындай тепе-теңдікті қамтамасыз етуші пайыздық мөлшерлеме пайыздық табиғи нормасы ретінде айқын. Пайызды талдау кезінде номиналды және нақты пайыз мөлшерлемені бөліп қарастыру маңызды. Номиналды мөлшерлеме – бұл инфляция қарқынын есептемеген кездегі пайыздың ағымдағы нарықтық мөлшерлемесі. Нақты – инфляцияның күтілуші қарқынын алып тастаған кездегі номиналды мөлшерлеме. Мысалы, номиналды жылдық мөлшерлеме - 15%, инфляцияның күтілуші қарқыны 7% жылдық болса, онда нақты мөлшерлеме - 8% (15-7) болады. Жалақыда, рентада, пайызда кейбір шаруашылық агенттер (өндіріс факторларын ұсынушы субъектілер) үшін табыс, ал басқалары (өндіріс факторларына сұраныс субъектілері) үшін шығын болып табылады.
... Спрятанная информация ...
Категория: Экономика |
Просмотров: 1927 |
Добавил: muhamed08
| Теги:
| Рейтинг: 1.0/1
| Всего комментариев: 0
|
||||||
При копировании необходимо указывать ссылку на источник. Newskz.ru © 2012-2026. Административные вопросы: admin@newskz.ru
|
||||||