Добро пожаловать на мой блог. Меня зовут Мухамед-Канапия мои контакты можете найти слева. Здесь вы найдете свежие новости из моей жизни, очень полезную информацию о блоггинге, о том как заработать в интернете, о способах SEO, SMM оптимизации и раскрутке ваших ресурсов. Мои мысли на разные темы включая спорт, киберспорт, и обзоры на все что мне интересно. И не забывайте оставлять ваши комментарии в постах, мне важно ваше мнение.
Всего материалов в каталоге: 8 Показано материалов: 1-8 Сортировать по:
Дате ·
Названию ·
Рейтингу ·
Комментариям ·
Просмотрам
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  14086 человек
|
|
Қаржы түсінігін өткенде, біз оның екі мағынасын ашып көрсеткен болатынбыз. Яғни, материалдық мағынада қаржылар мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын, ал экономикалық категория ретінде қаржылар мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыратын, бөлетін және пайдалануды ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді деп айтқанбыз.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарынан іс-әрекеттері мемлекеттің каржылық қызметі болып табылатынын білеміз.
Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржы құқығының пәні болып табылады. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  13853 человек
|
|
Еңбек – адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi . Еңбек құқы деген ұғымның өзi, осы құқ саласы еңбекке тiкелей қатынасты екенiн бiлдiредi. Бiрақ та еңбек кез келген еңбекке байланысты қатынастар еңбек құқы нормаларымен реттелiне бермейдi. Мысалы, азаматтың өз үй шаруасымен (саяжайда, бау-бақшада өз малын күту, бағу т.б.) байланысты еңбектерi еңбек құқ нормаларымен реттелiнбейдi. Еңбек мемлекеттiк тұрғыдан Заңмен реттелiнедi. Сондықтан да қызметкерлердiң еңбек қатынастарын реттейтiн еңбек заңының маңыздылығы да осында. Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін – еңбекке қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды саласы болып табылады.
Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті қолдану жөніндегі жеке-дара қатынастар құрайды. Олар қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қалыптасады және жұмысқа алу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және басқа бірқатар мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды. Еңбек процесінің өмірде болу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен байланысты және сондай-ақ еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық қатынастардың тұтас кешенінің пайда болуына объективті түрде алып келеді. Олардың біреулері еңбек қатынастарынан бұрын (мысалы, жұмыспен қамтылмаған халықты еңбекке орналастыру жөніндегі қатынастар), екіншілері олармен қатар жүреді (мысалы, жұмыс беруші, еңбек ұжымы, кәсіподақтар және өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын ұйымдастыру-басқарушылық қатынастар), үшіншілері – солардан туындайды (мысалы, қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі іс жүргізу – еңбек қатынастары және т.б.). Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  12240 человек
|
|
Неке және Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады..
Отбасы құқығы бойынша неке-бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке – отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі- зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ – да тіркелгенен кейін ғана ерлі - зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай – ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  9508 человек
|
|
Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.
Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері табылады. Читать дальше Мне нравится 1
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  6649 человек
|
1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері мыналар болып табылады: ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, соның еркін білдіріп, қандық туыстыққа негізделді; ол алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты; мұнда билік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі объективтік заңдарына мыналарды жатқызамыз: қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; таптар мен топтардың арасындағы күрестің басталуы; қарама-қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Читать дальше Мне нравится 1
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  5222 человек
|
|
"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді (jus civile) құқығы деп атаған.
Тарихтан белгілі Римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "civil" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына (Zivilrecht, droitcivil, civil) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды – цивилистер деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (Jus publicum, jus privatum) деп екі салаға бөлінгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша атап көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді". Читать дальше Мне нравится 1
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  3310 человек
|
|
Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әртүрлі ережелер бар.
Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.
Бұлар қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, жол қозғалысы мен әр түрлі көлік құралдарын пайдалану ережелері, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері, сауда ережелері, санитарлық, ветеринарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері, аң аулау, балық аулау ережелері, азаматтық қаруларды, жарылғыш және радиоактивтік заттарды сатып алу, есепке қою, сақтау және пайдалану ережелері, кеден ережелері, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, жер қойнауын пайдалануды қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау аясында қолданылатын ережелер, т.б. Читать дальше Мне нравится 2
|
|
|
Оставили комментариев (0) |
Читали  1729 человек
|
|
“Жаза” дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кейінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсендігін, олардың құқылы сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бірі түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Читать дальше Мне нравится 0
|
|
|