| ||||||
Өндіріс және шығындар теорияларының негізіӨндіріс анықтамасы. Өндірістік функцияАдамдардың экономикалық қызметінің бастапқы мезеті өндіріс болып табылады. Өндіріс әртүрлі факторлардың, яғни еңбек, жер, капиталдың өзара әрекеттесуін білдіреді. Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы кәсіпкерлік, ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек , жер, капитал қалады. Жекелей факторлардың ешқайсысы өнім шығарып, табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінің қарым-қатынасын білдіреді. Әр кәсіпкерді өнімді максималды шығаруға жеткізетін факторлардың арақатынасын табу мәселесі ойландырады. Мысалға, қызылшаның максималды түсімін алу үшін қызылша отырғызылған жер аудандарының санын еңбек шығындарымен бірін азайтып, екіншісін ұлғайта отырып қиылыстыру қажет. Математикалық түрде бұл тәуелділік келесі формуламен бейнеленеді: мұндағы Y=f(xn, yn, …an), Y - өндірілген өнім саны; xn, yn,…an - өндіріс факторлары; f – функция. Шығарылған өнім саны оны өндіруге қолданылған өндіріс факторлары мен олардың комбинацияларына тәуелді. Факторлардың әртүрлі комбинациясы бар болса, бұл олардың оптималды үйлесіміне жеткізетін варианттың бар екендігін білдіреді. Демек, өндірістік функция – бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынас. Әдетте, факторлар шамасы өзгермей, тұрақты болады. Осында келесі варианттың болуы мүмкін, яғни барлық факторлар бір мезгілде өзгереді немесе тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдайда табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді. Біздің мысалымызда белгілі бір учаскеде қызылша өсірілген делік. Жер бір фактор ретінде тұрақты. Екінші фактор – еңбек өзгереді. Егер келесі жылы қосымша еңбек бірлігін пайдаланар болсақ, біз алдыңғыдан да төмен түсім алар едік. Яғни, белгіленген тұрақты шығындар санына қосымша шығындарды қосқан кезде қосымша өнім азаяды. Кемімелі табыстылық заңының мәні осында. Алайда, бұл заң күшіне тек өзгермелі (мысалға еңбек) фактордың қосымша бірдей санын бірнеше мәрте қосқаннан кейін күшіне енеді, яғни кемімелі табыстылық заңы белгілі бір мезеттен бастап әрекет етеді. Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар.Альтернативті шығындар Шығындар – ұсыныс көлеміне әсер ететін басты фактор екені анық. Сондықтан қанша тауар өндіру керек екенін шешпес бұрын, фирма шығындарын талдау қажет. Шығындар – бұл өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар. Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары деп бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – - жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (кез келген) экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөлінеді. Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын айтады. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Альтернативті шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Жалпы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Шекті және орташа шығындарӨндіріс көлемдерінің артуының әсеріне байланысты шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындар (FC) - өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар. Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Мұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс. Айнымалы шығындар (VC) - өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Олар шикізатқа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады. Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі. Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы деп бөлу талдау жасалып отырған кезеңге де байланысты болады. Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады, себебі ұзақ мерзімде барлық құрал – жабдықтар ауыстырылады. Тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы жалпы шығындарды (TC) құрайды. Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шығынды өлшеу үшін орташа жалпы (ATC), орташа айнымалы шығындар (AVC), орташа тұрақты шығындар (AFC) қолданылады. Орташа шығындар кәсіпорынның кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, кәсіпорын пайда алмайды. Егер баға орташа шығындардан кем болса, онда кәсіпорын зиян шегеді және банкрот болады. Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, кәсіпорын баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады. Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгендегі бөліндіге тең: ATC=TC/Q. Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне (өндірілген өнім санына) бөлгенге тең: AFC=TFC/Q. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындарды өндірілген өнім санына бөлгенге тең: AVC=TVC/Q Сонымен қатар шығындардың басқа да түрлері де қарастырылады. Кәсіпорын шығаруға мүмкіндігі бар өнімнің максималдығын анықтау мақсатында шекті шығындар есептеледі. Шекті шығындар (МС) – берілген өнім көлемімен салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар: MC=TC/Q Олар кәсіпорын стратегиясын анықтау үшін өте маңызды. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар айнымалы шығындардың (яғни шикізат, жұмысшы күшіне) өсіміне тең.
... Спрятанная информация ...
Категория: Экономика |
Просмотров: 6501 |
Добавил: muhamed08
| Теги:
| Рейтинг: 4.0/1
| Всего комментариев: 0
|
||||||
При копировании необходимо указывать ссылку на источник. Newskz.ru © 2012-2026. Административные вопросы: admin@newskz.ru
|
||||||